Magic Explorer пайдалану үшін
Экрандағы мәтін немесе бейне ақпаратына негізделген әртүрлі қолданбалар арқылы іздеуді ыңғайлы жүргізуге болады.
  1. Magic Remote пультіндегі тінтуір түсі өзгерсе, Magic Explorer қолданылады (мысалы, Blue PointerBlue Pointer тінтуіріне).
  2. Егер хабар көріп жатсаңыз, суреттегі Дөңгелек (OK) түймесін басып тұрыңыз немесе Нұсқаулық, Параметрлер қолданбаларын пайдаланып жатсаңыз, мәтіндегі түймені басып тұрыңыз.
  3. Хабар тарату экранында бағдарламамен байланысты кілтсөздер пайда болады.
    Қолданбадағы мәтінде Веб-шолғыш немесе Іздеу сияқты элементке өтуге мүмкіндік беретін белгіше пайда болады.
  4. Пайдалану үшін элемент таңдаңыз.
    Элементті қашықтан басқару пультіндегі ЖоғарыЖоғары/ТөменТөмен/СолғаСолға/ОңғаОңға түймелерін басу арқылы жылжытуға болады.
  5. Magic Explorer қолданбасынан қашықтан басқару пультіндегі BACKBACK түймесін басу арқылы шығуға болады.

Magic Explorer тікелей экраныMagic Explorer тікелей экраны Magic Explorer қолданба экраныMagic Explorer қолданба экраны

Сондай-ақ, бұл функцияны стандартты қашықтан басқару пультіндегі OK түймесін басып тұру арқылы пайдалануға болады.
Қолжетімді функциялар аймаққа немесе қызметке байланысты өзгеріп отырады.
Кейбір үлгілерге қолдау көрсетілмейді.