Желіге қосылу
Желі параметрлерін конфигурацияласаңыз, онлайн контенттер және қолданбалар секілді түрлі қызметтерді пайадалана аласыз.
Сымды желіні орнату

Сымды желіге қосылуСымды желіге қосылу

  1. LAN кабелін пайдалана отырып теледидардың LAN порты мен маршрутизаторды жалғаңыз.
    Маршрутизатор алдын ала Интернетке жалғануы тиіс.
    Егер роутерде DHCP мүмкіндігіне қолдау көрсетілсе, теледидарды LAN кабелімен желіге қосқан кезде теледидар желіге автоматты түрде қосылады.
  2. Желі автоматты түрде қосылмаған жағдайда
  3. Қашықтан басқару құралындағы ПараметрлерПараметрлер түймесін басыңыз.
  4. Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Жалпы Желі Сымды қосылым (Ethernet) параметрін таңдаңыз.
    Толығырақ қарау үшін, Параметрлер Желі Сымды қосылым (Ethernet) (Пайдаланушы нұсқаулығы ішіндегі) қараңыз.
Сымсыз желіні орнату

Сымсыз желіге қосылуСымсыз желіге қосылу

  1. Интернетке жалғанған маршрутизаторды қосыңыз.
  2. Қашықтан басқару құралындағы ПараметрлерПараметрлер түймесін басыңыз.
  3. Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Жалпы Желі Wi-Fi байланысы параметрін таңдаңыз.
  4. Желіні іздеу аяқталған кезде байланысқа қолжетімді желілер тізімі көрсетіледі.
  5. Қосылатын желіні таңдаңыз.
    Егер сымсыз LAN роутері құпия сөзбен қорғалса, роутерге конфигурацияланған құпия сөзді енгізіңіз.
    Толығырақ қарау үшін, Параметрлер Желі Wi-Fi байланысы (Пайдаланушы нұсқаулығы ішіндегі) қараңыз.
Желі параметріне қатысты ескертулер
Стандартты жергілікті желі кабелін (Cat7 немесе одан жоғары RJ45 қосқышымен, 10 Base-T немесе 100 Base TX Жергілікті желі порты) пайдаланыңыз.
Маршрутизаторды бастапқы қалпына келтіру желі қосылымына қиындықтар тудыруы мүмкін. Осы жағдайда, маршрутизатор қалыпты жұмыс істейді, егер оны өшіріп, теледидарды ажыратсаңыз, содан кейін оны қайта жалғап, қосыңыз.
Өндіруші жабдықтың ақаулығы немесе ажыратылған желілер сияқты қиындықтарға байланысты желінің қосылуына немесе жұмыс істемеуіне жауап бермейді.
Интернет қызметі провайдерінің желі параметрлеріне байланысты желі байланысы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
DSL қызметі DSL модемін пайдалануы тиіс; ал кабель қызметі қабельді модемді пайдалануы тиіс. Желі байланыстарының тек шектеулі саны қолжетімді болатындықтан, теледидар желісінің параметрі Интернет қызметінің провайдерімен келісім-шартқа байланысты пайдаланылмауы мүмкін. (Егер келісім-шартта бір желіге бірнеше құрылғы қосылуға рұқсат етілмесе, тек қосылым қойған компьютерді пайдалануға болады.)
Сымсыз желі 2,4 ГГц жиілікті пайдаланатын басқа құрылғылардан кедергілерге ұшырауы мүмкін (сымсыз телефон, Bluetooth құрылғысы немесе қысқа толқынды пеш). Сонымен қатар, кедергі 5 ГГц жиілікті пайдаланған кезде пайда болуы мүмкін, бірақ оның пайда болу ықтималдығы аз.
Сымсыз байланыс ортасы сымсыз желі қызметінің жұмысын баяулатуы мүмкін.
Бір уақытта бірнеше сымсыз құрылғыларды пайдалану желіңізді баяулатуы мүмкін.
Кіру нүктесінің құрылғысы сымсыз байланыстарды қолдауы керек және сымсыз байланыс мүмкіндігі AP (кіру нүктесі) байланысы бар құрылғыға қосылуы керек. Кіру нүктесіндегі сымсыз байланыстардың қолжетімділігі туралы қызмет көрсету провайдеріне хабарласыңыз.
Кіру нүктесінің SSID және қауіпсіздік параметрлерін тексеріңіз. Кіру нүктесінің SSID және қауіпсіздік параметрлерін тиісті құжаттамадан қараңыз.
Егер желі теледидарды жылжыту немесе маршрутизаторды өзгерту арқылы өзгертілсе, сымсыз желіні қайта орнату қажет. Бұрыннан бар сымсыз желі байланыстары сақталмайды.
Желі құрылғыларының (сымды/сымсыз желі таратқыш, жад) сымсыз параметрлері теледидардың баяу жұмыс істеуіне немесе дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін. Құрылғыларды тиісті нұсқаулық пен желіге сай дұрыстап орнатыңыз.
Байланыс әдісі кіру нүктесі өндірушісіне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Бұл функцияға қатысты мәселені шешу үшін, Пайдаланушы нұсқаулығы ішіндегі Ақаулықты жою бөлімін қараңыз.