Смарт құрылғыларды қосу
ТД-ды смарт құрылғыға қосу арқылы түрлі функцияларды пайдалануға болады.
LG ThinQ қолданбасын пайдаланып, смарт құрылғысын теледидарға қосу
  1. LG ThinQ қолданбасын смарт құрылғының қолданба дүкенінен жүктеп алыңыз.
  2. Теледидар мен смарт құрылғыны бір Wi-Fi желісіне қосыңыз.
    Теледидарыңыздың Wi-Fi желісін ПараметрлерПараметрлер Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Жалпы Желі Wi-Fi байланысы мәзірінде тексеруіңізге болады.
  3. Смарт құрылғыға орнатылған LG ThinQ қолданбасын іске қосыңыз.
  4. Смарт құрылғыны теледидарға қосу үшін, LG ThinQ қолданбасынан алынған нұсқаулықтарды орындаңыз.
    LG ThinQ есептік жазбаңыздың ақпараты теледидарға байланыстырылған кезде, есептік жазбаңызға байланыстырылған IoT құрылғыларын теледидардың Үйдің бақылау тақтасы арқылы басқара аласыз.
Дауыстық пәрмендерді, сондай-ақ, LG ThinQ қолданбасының параметрлерінде есептік жазбаға байланыстырылған Смарт динамик арқылы жасауға болады.
Қызмет елге байланысты ұсынылмауы мүмкін.
LG ThinQ қолданбасымен теледидарды басқару
Теледидарды басқару үшін смарт құрылғының экранындағы түймелерді түртуге болады.

LG ThinQ қолданбасыLG ThinQ қолданбасы

  1. Қарапайым қашықтан басқару пультінің жұмысы бар. Барлығын көру таңдаңыз және қашықтан басқару пультін толық экранда қолданып көріңіз.
  2. Теледидар мен смарт құрылғыдағы дыбысты, экранды немесе мазмұнды интерактивті түрде бөлісуге және көруге болады.
  3. Теледидарға орнатылған қолданбалар тізімін көрсетеді.
  4. Теледидардың сыртқы кірісіне қосылған құрылғылар тізімін көрсетеді.
  5. Телехабарды қарау кезінде арнаны, дыбыс деңгейін, т.б басқаруға немесе қашықтан басқару пультін пайдаланудың орнына дауыстық пәрмендермен сыртқы кірісті таңдауға болады.
  6. Дәл сондай функцияларды Magic Remote әмбебеп қашықтан басқару құралының меңзері және көрсеткі пернелері ретінде пайдалануға болады.
  7. Дауысты тану функциясы қолжетімді.
    Кейбір модельдер бұл функцияға қолдау көрсетпейді.
Кейбір басқару элементтері сыртқы енгізу режимінде шектеулі болуы мүмкін.
Қолданбаның экраны мен функциялары алдын ала ескертусіз өзгертіле береді.
Қолжетімді функциялар еліңізге және операциялық жүйеңізге қарай әр түрлі болуы мүмкін.