Қауіпсіздік реттеу
ПараметрлерПараметрлер Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Жалпы Жүйе Қауіпсіздік
Теледидардың хабар таратуына немесе қолданбаларға құлып қоюға болады.
Құлыпты қолдану үшін оны Қосулы мәніне орнатыңыз.
ТД бағдарламасын құлпы
Бұл функция тарату станциясының ақпараты бойынша жұмыс істейді. Сондықтан, сигнал ақпараты қате болса, бұл функция жұмыс істемейді.
Деңгейлер шектеуі жиынтығына сәйкес, балалардың белгілі бip ересектерге арналған телебағдарламаларды көруінің алдын алады. Құлыпталған бағдарламаны көру үшін, құпия сөзді енгізіңіз. Деңгейлер әр елде әртүрлі болады.
Тек сандық режимі қолданылады.
Кейбір үлгілерге қолдау көрсетілмейді.
Арналарды құрсаулау
Балалар үшін мазмұны лайықсыз бағдарламаларға тыйым салады. Бағдарламаларды таңдауға болады, бірақ экран қараңғы болады және дыбыс өшіріледі. Құлыпталған бағдарламаны көру үшін, құпия сөзді енгізіңіз.
Бағдарламаларды құрсаулау
Қолданбаны құлыптауға не құлпын ашуға болады.
Құлыптау функциясын қазір қосылып тұрған қолданба үшін бірден қолдану мүмкін болмайды.
Енгізулерді құрсаулау
Кіріс құлыптарын қосуға немесе ашуға болады.
Құпия сөзді қалпына келтіру
Теледидар құпия сөзін қойыңыз не өзгертіңіз.
Әдепкі құпиясөз «0000» ретінде орнатылған.
Ел бойынша Франция, Норвегия немесе Бельгия таңдалса, құпия сөз «0000» емес, «1234» болып табылады.
Жоғалған құпия сөзді қалпына келтіру
Орнатылған құпия сөзді жоғалтып алсаңыз, оны келесідей қалпына келтіруге болады:
  1. Қашықтан басқару құралындағы ПараметрлерПараметрлер түймесін басыңыз.
  2. Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Жалпы Жүйе Қауіпсіздік опциясын таңдаңыз.
  3. Қашықтан басқару құралында АрналарАрналар (Арналар) ЖоғарыЖоғары АрналарАрналар (Арналар) ЖоғарыЖоғары АрналарАрналар (Арналар) ТөменТөмен АрналарАрналар (Арналар) ЖоғарыЖоғары түймесін басыңыз. Негізгі құпия сөзді енгізу терезесі пайда болады.
  4. Негізгі құпия сөзді енгізу терезесіне «0313» санын енгізіп, OK түймесін басыңыз. Құпия сөз қалпына келтіріледі.