Суреттің контрастын реттеу
ПараметрлерПараметрлер Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Сурет Кеңейтілген параметрлер Анықтық
Суреттің контрастын анығырақ көрсету үшін оны реттеуге болады.
Дәлдікті реттеу
Кескіннің айқындығын реттейді. 50 мәніне жақындаса, кескін айқын әрі анық бола түседі.
Супер ажыратымдылық
Бұлыңғыр және бұрмаланған кескіндерді анық ету үшін ажыратымдылықты реттейді.
Шуды азайту
Кескінді тазалау үшін қалған кішкентай нүктелерді кетіреді.
MPEG шуын төмендету
Сандық бейне сигналдарды жасағанда пайда болған шуылды азайтады.
Біртекті градация
Бұл кескін пішінінің кедір-бұдыр және баспалдақ үлгісінде көрінуін азайтады және бірқалыпты экранды көрсетеді.
Нақты фильм
Фильмдерге арналған дисплейді оңтайландыру.
TruMotion
Жылдам қозғалатын кескіндердің сапасын реттейді.
  • Өшірулі : TruMotion функциясын өшіреді.
  • Киноматографиялық қозғалыс : Өзіңізді кинотеатрда отырғандай сезіну үшін, экрандағы қозғалыстың дірілдеуін реттеңіз.
  • Табиғи : Табиғи әрі анық көрінуі үшін суреттерді көптеген қозғалыстармен орнатыңыз.
  • Біркелкі қозғалыс : жылдам қозғалатын кескіндерді тегістейді.
  • Пайдаланушы таңдауы : TruMotion мәнін қолмен қояды.
    • De-Judder : экранның дірілін дұрыстайды.
    • De-Blur : қозғалыстың бұлыңғырлық әсерлерін азайтады.
    • OLED Motion / OLED Motion Pro / Motion Pro / NanoCell Motion Pro : Қалдық кескіндерді жою арқылы бейнеңізді анығырақ ете аласыз.
Қосымша параметрлерді Пайдаланушы таңдауы режимінде ғана өзгертуге болады.
Кіріс сигналға немесе таңдалған сурет режиміне байланысты, қол жетімді опциялар әр түрлі болуы мүмкін.
Өзгермелі элементтер үлгіге байланысты өзгеше болады.