Сымды желіні орнату
ПараметрлерПараметрлер Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Жалпы Желі Сымды қосылым (Ethernet)
Егер желіге қосылған маршрутизатор DHCP мүмкіндігіне қолдау көрсететін болса, онда сым арқылы қосылған теледидар мен маршрутизатор да автоматты түрде желіге қосылады. Егер ол автоматты түрде орнатуға қолдау көрсетпейтін болса, онда желілік қосылымыңызды қолмен орнату үшін Өңдеу опциясын таңдасаңыз болады.
Сымсыз желіні орнату
ПараметрлерПараметрлер Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Жалпы Желі Wi-Fi байланысы
Теледидарға сымсыз желі орнатсаңыз, қол жетімді сымсыз Интернет желілерін тексеріп, оларға қосылуға болады. Қосылу үшін сымсыз маршрутизаторды таңдаңыз.
Толығырақ параметрлер үшін Басқа желі параметрлері параметрін таңдаңыз.
Жасырын сымсыз желіні қосыңыз
Желінің мәліметтерін тікелей енгізсеңіз, сымсыз желіні қосуға болады.
WPS PBC арқылы қосылу
Егер қосылғыңыз келетін сымсыз маршрутизаторда Wi-Fi желісін түймені басу арқылы қауіпсіз баптау (WPS-PBC) мүмкіндігі бар болса, онда маршрутизаторда WPS-PBC түймесін басу арқылы сымсыз маршрутизаторға оңай қосыла аласыз. Сымсыз маршрутизатордың WPS-PBC түймесін басып, сосын теледидардың [Қосу] түймесін басыңыз.
WPS PIN арқылы қосылу
Бұл – ПИН-кодты енгізу арқылы Wi-Fi желісін қауіпсіз баптауды (WPS-PIN) пайдаланып қатынас нүктесіне қосылу әдісі. Қосылғыңыз келетін қатынас нүктесін (AP) таңдаңыз. Қатынас нүктесінің Wi-Fi құрылғысында көрсетілген PIN-кодты енгізіңіз.
Қосымша Wi-Fi параметрлері
Сымсыз желіге қосылғаннан кейін, IP мекенжайы туралы толық ақпарат сияқты қосылым ақпаратын көре аласыз. Сонымен қатар, қосылғыңыз келетін IP мекенжайы мен DNS серверінің мекенжайын Өңдеу түймесін басу арқылы өзгерте аласыз.
Желіге қалай қосылуға болатыны жайлы қосымша ақпарат алу үшін, Пайдаланушы нұсқаулығы ішіндегі webOS TV арқылы іске кірісу Желіге қосылу бөлімін қараңыз.