USB сымды/сымсыз тінтуірін пайдалану
Тінтуірді USB портына қосыңыз. Теледидар экранында меңзерді жылжыту және қажетті мәзірді таңдау үшін тінтуірді пайдаланыңыз.
Тінтуірдегі оң жақ және арнайы түймелер істемейді.
Сымсыз USB тінтуірін пайдаланған кезде, теледидар, тінтуір және сымсыз орта арасындағы қашықтыққа байланысты қосылым жоғалуы немесе баяулауы мүмкін.
USB сымды/сымсыз пернетақтасын пайдалану
Пернетақтаны USB портына қосыңыз. Қосылған пернетақта құрылғысымен мәтінді енгізуге болады.
Кейбір экрандарға мәтін енгізу мүмкін емес.
Теледидарлармен үйлесімділігі тексерілген өнімді пайдалану ұсынылады.
Logitech K360, Logitech K400, Logitech K750
Енгізу тілін ауыстыру ұшін, тіл ауыстыру пернесін немесе оң жақтағы Alt пернесін басып, сондай-ақ, Ctrl пернесі мен Space пернесін бір уақытта басып өзгертуге болады.
Сымсыз USB пернетақтасын пайдаланған кезде, теледидар, пернетақта және сымсыз орта арасындағы қашықтыққа байланысты қосылым жоғалуы немесе баяулауы мүмкін.
Мәтіндік өріске мәтінді енгізу үшін ТД экранындағы экрандық пернетақтаны немесе USB пернетақтасын пайдаланыңыз.
Ойын тақтасын пайдалану
Ойын үшін ойын тақтасы қажет болса, теледидардың USB портына ойын тақтасын жалғаңыз.
Теледидарлармен үйлесімділігі тексерілген өнімді пайдалану ұсынылады.
Sony DualShock 4, Sony DualShock 3, Microsoft Xbox 360 контроллері, NVIDIA SHIELD контроллері, Logitech F310, Logitech F710
Bluetooth кіріс құрылғыларын қосу
Bluetooth қолдайтын пернетақта, тінтуір немесе геймпад сияқты құрылғыларды теледидарыңызбен қоса және пайдалана аласыз.
Толығырақ қарау үшін, Параметрлер Құрылғылар Сыртқы құрылғылар Bluetooth контроллерін қосыңыз (Пайдаланушы нұсқаулығы ішіндегі) қараңыз.